Құжаттар
Сапа саласындағы саясат

«ELESAR» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау органы Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» және «Техникалық реттеу туралы» заңдарын басшылыққа алып, өнімнің сәйкестігін растау қызметтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету саясатын жүргізеді. 

«ELESAR» ЖШС сәйкестікті растау органы басшылығының негізгі мақсаты — ұзақ мерзімді табысқа және тұтынушы үміттерін қанағаттандыруға бағытталған сапалы қызмет көрсету.

«ELESAR» ЖШС сәйкестікті растау органының ұжымы ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін енгізіп, оның нәтижелілігін үздіксіз арттыру арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға міндеттенеді.

Сайттан іздеу