Құжаттар
Құпиялылық саясаты

Сәйкестікті растау органы өз қызметі барысында алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету — біздің басты басымдықтарымыздың бірі.

«ELESAR» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау органы өз қызметінде ақпараттың құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

Сәйкестікті растау жұмыстарының жоспарларында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау талабы қамтылады.

«ELESAR» ЖШС сәйкестікті растау органына қабылданатын қызметкерлер еңбек шартын жасасу кезінде кәсіби қызметі барысында алған құпия ақпаратты сақтау міндеттемесін қабылдайды.

Сайттан іздеу