Құжаттар
Бейтараптық саясаты
«ELESAR» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау органы аккредиттеу өлшемшарттарына, ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 және менеджмент жүйесінің құжаттарына сәйкес жұмыс жүргізгенде бейтараптықтың маңызын түсінеді.
Орган басшылығы және әрбір қызметкері мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
- сәйкестікті растау жұмыстарын объективті және алаламай орындау;
- қолданыстағы және ықтимал мүдделер қақтығысын анықтап, объективтілік пен бейтараптықты қамтамасыз ету үшін оларды белсенді басқару;
- орган мен қызметкерлердің сәйкестікті растау нәтижелеріне мүдделі өзге ұйымдар мен тұлғалардан тәуелсіздігін сақтау;
- сәйкестікті растау әрекеттері мен осы саладағы шешімдерге байланысты жауапкершілік пен міндеттемелерді қабылдау.